11
март
2024
Қалалық тәжірибелік семинар
Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының “Сапалы білім” жобасы аясында Д.Нұрпейісова атындағы №116 жалпы білім беретін мектебінде “Оқу бағдарламасының үйлесімділігі-сапалы білім кепілі” тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар болып өтті. Семинарға қала мектептерінен ұстаздармен қоса, білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Аульбаева Райса Уразбаевна келіп қатысты. Келген қонақтар семинардың жалпы ұйымдастырылуы, шығармашылық көрме сонымен қатар коучинг сабақ, ашық сабақтарға қатысып, оң бағасын берді.